“№77 «Қошақан» балабақшасы” «Жасыл балабақша» жобасы аясында балаларға экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жоба аясында тәрбиеленушілер өсімдіктерге күтім жасау, табиғатты қорғау, тазалық сақтау, қоршаған ортаны көгалдандыру және табиғи ресурстарды үнемдеу бойынша түрлі іс-шараларға қатысады.

Аталған жұмыстар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбекке баулуға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.