“Балақай”тобымен көңілді қуыршақ жасадық! 
Бүгінгі шығармашылық іс-әрекетіміз ерекше көңілді өтті. Балалар өз қолдарымен қуыршақ жасап, қиялдарын іске қосты. Әр қуыршақ – баланың ойы мен еңбегінің жемісі. Мұндай жұмыстар балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілетін және қызығушылығын арттырады. Көңілді сәттерге толы күн болды! 😊