Менің балам , қазіргі таңда осы 77 Қошақан мемлекеттік балабақшаға барады. Осы балабақшада қызмет ететін психологтар мен тьюторға шын жүректен алғысымды білдіремін. Мамандардың кәсібилігі, сабырлылығы және әр балаға жеке көзқараспен қарауы біз үшін өте маңызды. Баламмен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, оның бейімделуіне, қарым-қатынас дағдыларының дамуына және эмоционалдық жағдайының тұрақтануына үлкен үлес қосып келеді. Әрбір жетістігін байқап, қолдап, ата-ана ретінде бізге де түсіністікпен кеңес беріп отырады. Психологтар мен тьютордың еңбегі — тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар үлкен жүрек пен жанашырлықты талап ететін жұмыс. Осындай жауапты істі адал атқарып жүрген мамандарға алғысым шексіз. Баламның дамуындағы оң өзгерістерді көріп, мен бұл ұжымға зор сеніммен қараймын Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңіздің жемісін көруді тілеймін. Осындай білікті мамандар әрдайым көп болсын!КПИ кабинетіндегі мамандарға алғыс шексіз
Құрметті біздің сыйлы,сүйікті Ляззат Галымжановнамыз және өзіңіздің творчестволық тобыңыз:Жадыра,Нурбиби,Перизат,Ильмира,Венера,Айпара,Айгуль,кухнямыздың қыздары бүгінгі біздер үшін ұйымдастырған мерекелеріңізге шын жүректен мың алғыс,Үлкен Рахмет айтамыз🙏👏👍 Заманға сай идеяларға толы бүгінгі мереке бизге жаксы көңіл-күй,есте калатын керемет әсер калдырды:ИИ.-бізді жасартып,жастық шағымызды еске түсіргені-Ерекше тосын сый болды!🤗,арнайы атақты художникті шақыртып ,портретімізді сыйлағандарыңыз бұрын болмаған жағдай😇! !Кухнямыздың қыздарына дәмді,кең дастархандарыңызға улкен Рахмет, Алла разы болсын Сіздерге🤲🫶👏👍🥰🤗🙂↕️
Қуанышымыз шексіз күшті сюрприз болды үлкен рахмет айтары жоқ жан жаққа туыстарымызға жіберіп жатырмыз ұжымындарың мықты ғой жақсы лебіздерін білдіріп жатыр бәріңізге рахмет
Құрметті Лаззат Галимжановна "Райхан Сейтжановна және✓77Қошақан" бөбекжай-бақшасының сұлу апайлары 🥰! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан қуаныш пен жайлылық болсын деп тілеймін 🤗😘💐💐💐
Құрметті ұстаздар! 🌸 Сіздерді “Дарын” кіші тобының тәрбиеленушісі, 2 жастағы Бекжан Бауыржанұлы кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! 💐 Сіздерге арнап жүректен шыққан «Атамекен» әнін жолдайды. 🎶 Әнді қабыл алыңыздар! Ұстазға деген алғыс – мәңгілік, құрмет – шексіз. ✨
Құрметті ұстаздар! Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌹🌹🌹 Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбегіңіздің жемісін көру бақытын тілейміз. Әр шәкіртіңіз білімді, тәрбиелі болып, Сіздерге қуаныш сыйласын. Ұстаздық жолыңыз әрқашан құрмет пен ізгілікке толы болсын! 💐💐💐💐
Құрметті біздің тәрбиешілеріміз! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балаларымызға деген шыдамдылығыңызға, қамқорлығыңызға, мейіріміңіз бен махаббатыңызға үлкен алғыс айтамыз. Жүректеріңіз әрқашан ата-аналар мен бүлдіршіндердің қуанышы мен алғысына толы болсын!
Ұстаз болу – үлкен жүрек пен сарқылмас төзімділікке негізделген қасиетті мамандық. Сіз сол жолды лайықты алып келе жатқан жансыз. Шәкірттеріңіздің жетістігі – сіздің еңбегіңіздің жемісі. Ұстаздар күні құтты болсын, абыройыңыз арта берсін!
Құрметті @Неизвестный номер @Неизвестный номер және Нянечкамыз Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздер – балаларға ең алғаш тәрбие мен білім беріп, олардың жүрегіне мейірім ұялатып, болашаққа сенім сыйлайтын жандарсыздар. Еңбектеріңіз – шыдамдылық пен сүйіспеншіліктің нағыз үлгісі. Әр күніңіз қуанышқа, жүрегіңіз шаттыққа толсын. Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! 🌷
Кеш жарық ата аналар , алтындай біздің ақ көңілді тәрбиешілеріміз🥹🥰 Біз басқа қалаға көшіп жатырмыз .Балапандар аман есен өсе берсін .Сәттілік сіздерге ! Нұрсұлу апай топты кішкентайынан алдыңыз ғой бөпе боп жүргендерінде соған шыдап бергеніңізге рахмет .Мәәә оркестр едік қой ужас😆🤪Сіздерді қимай тұрмыз .Әр ата-ананың мінезін көтеріп оңай емес.Ахмедияр көп дүниені үйренді сіздерден мың алғыс. Айман апаййй біздің клёвая апайкамыз сізге көп рахмет жас болсаңызда топты алып кеттіңіз 😌😎Балалардың группаласы сияқты 🤣Мың алғыс сіздерге.Ниеттеріңіздің өзі бір төбе ғой😍🥰😘 Отбасыларыңызға бар жақсылықты тілейміз . Басшылық оқиды деген ойдамын жаңа да айтқанмын біздің апайларымызға рахмет үнемі қорғап қолдап жүріңізші деп 😊😘Сау аман болыңыздар . Ізгі тілекпен : Ахмедиярдың анасы !
"Бота" тобы: Балалық шақ, достықтың, қуаныштың және шығармашылықтың уақыты. Бала жаңа достар тапқан кезде, оның жүрегі мен жаны кеңейеді. Достықтары нығайғанда ортақ қызығушылықтары пайда болып, бір-біріне қолдау көрсете бастайды. Достық балаларымыздың әлеуметтену дәрежесінің құралы. Балаларымыз аман болсын! ❤️❤️❤️
Қалай жылы көрініс . Негізі балабақшадан осындай инклюзиялық орта қалыптастыру керек , осылай жұмыс жасап жатқандарыңызға рахмет . Ертең балалар мектепке барғанда дамуында ерекшеліктері бар балларды көрсе дайын болады. Әр топқа осындай жаттығу жасап күн өткізсеңіз . Өйткені қазір қоғамда ерекше баллар саны өсуде өкінішке орай, сіз болып біз болып сол инклюзиялық қоғамды қалыптастырсақ .
Тек ас қасықтары үлкендеу сияқты балалардың🙊 Вилка мен кішкентай қасық не положено деды. Ыдыстары да үлкендеу екен, сол үшін ішіндегі тамақ аз көрінеді екен😅 Мен алаңдайтынмын..түбінде ғана сияқты көрініп. Жалпы бәрі жақсы🙏🏻
Саламатсыздар ма! Бүгін мен Гульнар, Бекжанның мамасы, бракеражная комиссия мүшесінде болдым. Асхана қызметкерлері, медбике бәрін көрсетті. Мен өзім тамақты дәмді ету үшін дәмдеуіштер (специи), тұз көп қосады ма екен деп алаңдайтынмын. Жоқ, ешқандай қоспа жоқ, дәмін көрдік. Сұйық (первое) сорпа бульоннан жасалады екен (сүйек қайнатып), қою тамаққа штрудель жедік. Еті жеткілікті, үйдегідей өте дәмді екен. Пеште свежая выпечка пісіп жатты (творожная булочка). Кеше балық күні болыпты (Аптасына 1 рет балық күні деді) Запас тамақтар бәрі дұрыс сақталған, еттің сертификаттарын бәрі бар, даталары дұрыс. Сүт өнімдері “Астана өнімінен” екен. Сары май да Маслодел фирмасы. Сок 2 литрлік шыны банкадағы ..тетрапакеттен емес. Печенье, вафли Баян сұлу фирмасынан. Барлығы Қазақстанда жасалған өнімдер. Қысқасы көңіліміз толды🙏🏻 Бақша ұжымына алғысымызды айтамыз. Еңбектеріңіз жана берсін💐
Бүгін балабақшамызда улкен мазмұнды іс -шара өтті.Ауызбіршілікпен ұйымдасқан іс шарамыз ойдағыдай өтті.Оның көрсеткіші келген қонақтармыз ерекше әсерде болып өз лебіздерін білдірді.Ләззат Ғалымжановна сізге рахмет барлығымызға бағыт бағдар беріп үлкен мақтауларға ие болып жатырмыз 🌹🩷Бүгінгі семинар негізгі акцент ерекше қажет ететін балалармен жұмыс жүргізілді.Заманауи талаптарға сай ұйымдастырылды.Жалпы барлық ұжымға алғыс әрқайсыларыңызың үлестеріңіз бар🌹🌹🌹