Құрметті әріптестер!

Осы аптада ұжымымызда «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Акция аясында мұқтаж жандарға қажетті заттар жиналады.

🔹 Әр қызметкер әкелетін заттардың жалпы құны 1500 теңгеден кем болмауы қажет.

🔹 Әкелуге болатын заттар:
* Ұзақ сақталатын азық-түлік өнімдері
* Тұрмыстық химиялық заттар

📅 Жинау күні: Жұма, 13.03
🕙 Уақыты: 10:00

Жиналған азық-түлік пен қажетті заттар Ораза айында мұқтаж отбасыға табысталады.

Баршаңызды игі іске атсалысуға шақырамыз!
Бірігіп жасаған жақсылық – үлкен сауап пен қуаныш. 🤲✨