Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл күй сыйлаған «Жүгері күні» мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Балалар сары түсті әсем киімдерімен мерекенің сәнін келтіріп, жүгері тақырыбындағы түрлі әшекейлерімен көз қуантты. Әр топ өздерінің шығармашылықтарын танытып, әдемі безендірілген себеттерін ұсынып, жүгеріден жасалған өнімдер көрмесін ұйымдастырды.
👑 «Жүгері ханзадасы» мен «Жүгері ханшайымы» сайланып, мерекеге ерекше сән берді.
Барлық тәрбиешілерге, ата-аналарға және бүлдіршіндерімізге белсенді қатысып, мерекенің қызықты әрі мазмұнды өтуіне үлес қосқандары үшін алғысымызды білдіреміз!
💛 Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі – біздің ең үлкен жетістігіміз!
🌽 «Алтын жүгері – береке мен молшылықтың белгісі!»