Балабақша әдіскерлеріне арналған қызықты quiz-ді әдіскер Жадра Ералиевна жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шара өте әсерлі өтті: түрлі тапсырмалар мен сұрақтар қатысушыларға ерекше ой салып, миға шабуыл жасап, білімдерін жан-жақты тексеруге мүмкіндік берді. Әріптестер өзара пікір алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.

Осындай мазмұнды әрі серпінді кездесулер кәсіби дамуға үлкен серпін беретіні анық.