Бүгін балалар повар апаймен бірге тәтті вафли пісірді. Кішкентай аспаздар ингредиенттерді араластырып, қамырды дайындап, өз қолдарымен дәмді вафли жасады.

👩‍🍳 Бұл іс-шара балаларға ас үйдегі қауіпсіздік ережелерін үйретіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұсақ моториканы жетілдіруге мүмкіндік берді.

✨ Балалар өз еңбектерін тамашалап, тәттілерін дәм татқызып үлкен қуанышқа бөленді!