Тілге бойлау бағдарламасын іске асыру мақсатында «Тәтті ертегі» жобасы аясында «Шахматшы қонжық» ертегісін мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға Түркі тілдес мұғалімдер ассоциациясының директоры Лариса ханым және мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес №96 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Мариям Барболқызы мен Құралай Жораевна әділ қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, әділ шешім қабылдады.
Шара барысында Лариса ханым балаларға ерекше сый жасап, жылы лебізін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша «Құлыншақ», «Айгөлек», «Балақай», «Айналайын», «Самғау», «Шағала», «Балбөбек», «Дарын», «Жұлдыз», «Бота», «Қарлығаш» топтарының тәрбиеленушілері белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Балаларымызға шығармашылық табыс тілейміз!
Қазақ тілі педагогі Лунара Болатовна