Бүгін біздің балабақшада ерекше мерекелік көңіл-күй орнады! ✨
Ұстаз — бала жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбие беріп, әр баланың болашағына өз үлесін қосатын ерекше жан. ❤️
Сондықтан бүгін әр ұстазымызға «Сіз — біздің балабақшамыздың ханшайымысыз!» деген ыстық ықыласпен тәж кигіздік. 👑🌷
Әр тәж — ұстазға деген құрметіміздің, алғысыз шексіз еңбегіне деген ризашылығымыздың белгісі. 💐
Құрметті ұстаздар, сіздер әр күн сайын балалар әлемін мейірімге, жылулыққа және білімге бөлеп жүрсіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌹
👑 Әр ұстаз — өз әлемінің ханшайымы!
❤️ Ұстазға тағзым — ұрпаққа тағылым! Құрметті Лунара Болатовна!
Ұстаздар күніне арнап жасаған әдемі тәждеріңіз үшін сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Әрбір дүниеңізден ықылас, талғам мен үлкен еңбек көрінеді. Мерекемізге ерекше сән беріп, көңілімізге қуаныш сыйладыңыз.
#ҰстаздарКүні #ҰстазғаТәж #ҰстазғаҚұрмет #Тәрбиеші #Балабақша ҰстазЕңбегі