«Адалазамат» бағдарламасы аясында «Айгөлек» ересек тобында «Шаңырақ күні» ерекше мазмұнда өтті
Балалар ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, киіз үйдің шаңырағын көтеріп, киіз үй құрастыру жұмысын қызығушылықпен орындады.
Іс-шара барысында қазақ тілі педагогі Лунара Болатовна бүлдіршіндерге Шаңырақ күнінің маңызы мен оның қалай атап өтілетіндігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, өз білімдерін толықтырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрмет қалыптасады.