Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының негізі. «Адал азамат – біртұтас тәрбие» жобасы аясында ұйымдастырылған әжелер отырысы — өнегеге толы, тағылымы терең, жүрекке жылу сыйлаған кездесу болды.
Ақ жаулықты әжелеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтар, ізгілік, адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет жайында әсерлі әңгімелер айтты. Әрбір айтылған сөз — жас ұрпақтың санасына сәуле, жүрегіне бағыт-бағдар боларлық тағылым.
Жылы жүздесу барысында ұрпақтар сабақтастығы, отбасы тәрбиесінің маңызы кеңінен қозғалып, ұлттық рух пен салт-дәстүрдің құндылығы дәріптелді. Осындай кездесулер — саналы, тәрбиелі, адал азамат қалыптастырудың берік негізі.
Ұлт тәрбиесі – ұлы мұрат. Біртұтас тәрбие арқылы болашаққа нық қадам жасаймыз! 🇰🇿✨
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@bilimastana
@qosymsha_ast
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Заң_мен_тәртіп_Aстана_2026