Отбасылық шығармашылық күні!

Жұлдыз тобының тәрбиеленушісі Баймұханбет Әлихан әкесімен бірге керемет машина макетін жасап шықты.
Осындай ортақ іс бала мен ата-ананың жақындығын арттырып, өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынасты нығайтады.

Демалыс күндері балаға арнайы уақыт бөлу – оның өзін бағалауын, сенімін, шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен үлес қосады.
Әлиханның әкесіне баласының қызығушылығын қолдап, бірге уақыт өткізгені үшін үлкен алғыс айтамыз! 🌟🚗