Біздің балабақшаға қонаққа №42 «Бәйшешек» балабақшасы, №15 «Дарын» балабақшасы және №59 мектеп ұжымы келіп, мерекеміздің көркін қыздырды. Бұл кездесу білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді. Барша қонақтарымызға және ұжымымызға осындай керемет атмосфера сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық тілейміз! 🌿 @bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq @qosymsha_ast @oqu_agartu_ministrligi @k.sengazyyev_official @d_syndar @didar_baitasov