Бүгін, 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күніне орай біздің балабақшаның ересек топтарында «Мәдениет – асыл қазынам» атты тағылымды мерекелік іс-шара өтті.
Бұл ерекше күнді ұйымдастырып, балаларға өнер әлемінің есігін ашқан біздің білікті мамандарымыз:
Қазақ тілі педагогі: Лунара Болатовна
Музыка жетекшісі Айгуль Абдыкахаровна.
Мереке аясында бүлдіршіндеріміз нағыз мәдениет майталмандарына айналды:
🏛 «Мұражай — тарих айнасы»: Педагогтардың бастамасымен балалар заманауи технологияларды қолдана отырып, виртуалды музейге саяхат жасады. Олар тарихи жәдігерлер мен бейнелеу өнерінің құндылықтарын өз көздерімен көріп, таңдай қақты.
«Жас репортер»: Лунара Болатовна балалардың тіл байлығын дамыту мақсатында қызықты ойын-интервью ұйымдастырды. Кішкентай тілшілеріміз мәдениет туралы толғанып, еркін сөйлеу шеберліктерін көрсетті.
«Мәдениетті ұрпақ» флешмобы: Музыка жетекшісі Айгуль Абдыкахаровнанын жетекшілігімен мереке соңы көңілді бимен және ұжымдық белсенділікпен аяқталды.
Осындай мазмұнды іс-шара арқылы балаларымыздың бойына эстетикалық тәрбие егіп, өнер адамдарына деген құрметін арттырған ұстаздарымызға алғыс айтамыз!
#МәдениетКүні #БалабақшаТынысы #ЕресекТоп МәдениеттіҰрпақ @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar