«Адал азамат» бағдарламасы мен «Оқуға құштар балабақша» жобасы аясында «Айналайын» мектеп алды тобының бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге №6 балалар кітапханасына саяхат жасады.
Саяхаттың мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана мәдениетімен таныстыру және отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту.
Бұл тағылымды шара қазақ тілі педагогі Лунара Болатовна мен топ тәрбиешісі Ақбота Советкановнаның ұйымдастыруымен өтті. Саяхат барысында кішкентай оқырмандар сиқырлы ертегілер әлемімен танысып, кітапхананың ішкі тәртібін меңгерді. Ата-аналар да балаларымен бірге қызықты мәліметтер алып, рухани демалып қайтты.
Болашақ «Адал азаматтарды» тәрбиелеу — кітаптан басталады!
#ОқуғаҚұштарБалабақша #АдалАзамат #БалаларКітапханасы #АйналайынТобы #Тәрбие #КітапОқу