Бүгін балабақша топтары нағыз «Алғашқы көмек көрсету» орталығына айналды! 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында ортаңғы және кіші топтардың қатысуымен «Алғашқы көмек» атты сюжеттік-рөлдік ойындары өтті.
Бұл шараның ерекшелігі – балалар жай ғана ойнап қоймай, қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренді.
Шара барысында:
Балабақшамыздың білікті медбикелері балаларға жарақат алғанда, мұрын қанағанда немесе күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы құнды кеңестер берді.
Бүлдіршіндеріміз «дәрігер», «науқас» рөлдерінде ойнап, достарына алғашқы көмек көрсетуді тәжірибе жүзінде көрсете білді.
✅ Балалар медициналық қобдишаның ішінде не болатынын және жедел жәрдем нөмірін жатқа айтты.
Мұндай ойындар баланың бойында мейірімділік, жауапкершілік және батылдық қасиеттерін қалыптастырады. Біздің бүлдіршіндер – болашақ білікті мамандар! Педагог-психолог Иманова Перизат
#ДенсаулықКүні #АлғашқыКөмек #СалауаттыҰрпақ #КішкентайДәрігерлер