Білім беру ұйымымызда кәсіподақ жиналысы өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
🔹 Педагогикалық әдеп (этика)
Мұғалімнің беделі, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті және ата-аналармен сөйлесу әдебі талқыланды. Педагог мәртебесіне сай мінез-құлық, киім үлгісі және әлеуметтік желідегі этика мәселелері көтерілді. Әдеп ережелерін қатаң сақтау туралы шешім қабылданды.
🔹 ҚР Қылмыстық кодексінің 140 және 141-баптары
Балабақша жағдайында балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше атап өтілді.
🔹 Басшының баяндамасы
Ұйым басшысы ағымдағы жұмыс барысы, жетістіктер мен кемшіліктер туралы есеп беріп, алдағы жоспарлар мен ұжым алдындағы міндеттерді айқындады.
🔹 Ішкі тәртіп ережелері
Жұмыс уақыты, еңбек тәртібі, кешікпеу және кезекшілік мәселелері талқыланып, бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.
🔹 Балалардың қауіпсіздігі
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, техникалық қауіпсіздік және алдын алу шаралары қаралды. Кезекші мұғалімдердің жауапкершілігі нақтыланды.
🔹 Сенім жәшігі
Арыз-шағымдар мен ұсыныстарды қарау тәртібі түсіндіріліп, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
✅ Жиналыс қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, олардың орындалуы бақылауға алынды.