Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Қияр күні» мерекесі «Жасыл» балабақшасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мереке барысында әр топ өзіне берілген шығармашылық және танымдық орталықтарда қызықты жұмыстар атқарды. Балалар қиярдың адам ағзасына пайдасы, оны өсіру және күтіп-баптау жолдары туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар қиярдан пайдалы тағамдар әзірлеп, табиғи қияр маскасының пайдасымен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекке баулу. Балалар ойын арқылы жаңа білім алып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі мерекенің куәсі болды.

💚 «Жасыл» балабақшасы – табиғатты аялауды, экологиялық тәрбиені және салауатты өмір салтын бала бойына сіңіруді басты құндылықтарының бірі ретінде жалғастыра береді!

🌱 Табиғатты қорғайық – болашақты бірге жасайық!

#ЖасылБалабақша #ҚиярКүні #ЭкологиялықТәрбие #ТабиғаттыАялайық #СалауаттыӨмір #БалабақшаӨмірі #ЖасылБолашақ 💚🌿