«Жасыл» балабақшасының «Айгөлек» тобында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қияр күні» ұйымдастырылып, балаларға арналған «Қияр шеберханасы» өткізілді.

Шеберхана барысында бүлдіршіндер қиярдың пайдасы, оны өсіру және күтіп-баптау жолдары туралы мағлұмат алып, шығармашылық жұмыстар арқылы өз өнерлерін көрсетті. Табиғатты аялау, еңбекке баулу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып, қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігі қалыптасады.

💚 Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

#ТазаҚазақстан #ЭкоТәрбие #ҚиярКүні #ҚиярШеберханасы #ЖасылБалабақша #АйгөлекТобы #ТабиғаттыАялайық #ЭкологиялықТәрбие