📘 «Мектепке дейінгі жастан еңбекке баулу және балаға ерте кәсіптік бағдар беру»
тақырыбындағы қалалық семинар біздің балабақшамызда өтті!

Бүгінгі семинар барысында педагогтер ерте жастан балаларды еңбекке баулудың тиімді әдістерін, баланың қызығушылығын ескеретін кәсіптік бағыт беру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

👶✨ Ерте кәсіптік бағдар – баланың болашақта өз орнын табуына, қабілетін дұрыс бағытта дамытуына үлкен мүмкіндік.

Қалалық деңгейде өткен бұл шара мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа идеялар мен әдістемелік ресурстар алмасуға үлес қосты.