Астана қаласы әдістемелік орталығының @astana_adistemelik_ortalyq ұйымдастыруымен №77 “Қошақан” балабақшасында әдіскерлер мен педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды 📚✨

Іс-шараға қала балабақшаларынан келген тәжірибелі әдіскерлер мен педагогтар қатысып, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Күн тәртібінде мектепке дейінгі ұйымдарда ертегі терапиясын қолданудың тиімділігі, ойын арқылы тіл дамытудың нәтижелі жолдары, сондай-ақ заманауи әдіскер портфелі негізінде мониторинг жүргізу мен бағалау құралдарын тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, педагог жұмысын ұйымдастыруда жасанды интеллект пен мультимедиялық ресурстарды қолданудың тиімді тәсілдері ұсынылып, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл бағыттар көрсетілді. Педагогтардың эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға арналған практикалық жаттығулар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру барысында әдіскер мен тәрбиешінің өзара тығыз байланысы мен бірлескен жұмысының маңыздылығы да назардан тыс қалмады. Әр спикер өз тәжірибесін нақты мысалдар арқылы көрсетіп, пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әдіскерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыруда заманауи технологияларды жан-жақты қолдану, жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету және тәжірибелі педагогтардың үздік тәжірибелерін кеңінен тарату болды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жүргізіп, болашақта да осындай мазмұнды кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді 🤝

№77 “Қошақан” балабақшасы – тәжірибе мен жаңашылдықтың тоғысқан ордасы! 🌟

#ҚошақанБалабақшасы #ӘдістемелікКүн #ПедагогТәжірибесі #МектепкеДейінгіБілім #ЖаңашылПедагог БілімСапасы

@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar