Құрметті әріптестер! Бүгін жиналған азық-түліктеріміз 3 мұқтаж отбасыға табысталды. Осындай қасиетті Рамазан айында, берекелі жұма күні және қадірлі Қадір түнініне тұспа тұс келген күн жасаған әрбір игі іс-амалдарыңыз Алла алдында қабыл болсын! 🤲🌙
Жақсылыққа бірге ұмтылып, қайырымдылыққа атсалысқан барша жандарға үлкен алғыс айтамыз. Әсіресе, осы іске белсене қатысып, қолдау көрсеткен «Бота» тобының ата-аналарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Бірлігіміз артып, жүректеріміз мейірім мен жақсылыққа толы болсын. Жасаған әрбір сауапты іс өздеріңізге еселеп қайтсын!