Бүгін, Ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Қошақан» балабақшасының «Айгөлек» ересек тобы елордамыздың басты символы – «Бәйтерек» монументіне саяхат жасады.
Бұл саяхат балабақшамызда жүйелі түрде іске асырылып жатқан «Сарыарқа тану» мен «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Бүлдіршіндеріміз «Бәйтеректің» шығу тарихымен, оның аңыздармен байланысы (Самұрық құс пен айдаһар туралы ертегі) және салыну мақсатымен тереңірек танысты.
Бағзы заман мен бүгінгі заманды ұштастырған монументті өз көздерімен көру арқылы балалардың туған елге, елордамызға деген мақтаныш сезімі оянды. Кішкентай кезінен тарихты қастерлеу, ескерткіштерді құрметтеу – «Адал азамат» тұлғасын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Көк аспанмен астасқан «Бәйтеректің» ең жоғарғы қабатына шыққан бүлдіршіндер Астананың әсем көрінісін тамашалап, ерекше әсер алды. Бұл күн олар үшін тек саяхат емес, үлкен тағылым мен білім мектебіне айналды.
«Ескерткіштер – ел тарихының тірі куәсі». Біздің мақсатымыз – өткен мен болашақты жалғап, ұлттық құндылықтарды бала санасына ұялату.
#ҚошақанБалабақшасы #АйгөлекТобы #Бәйтерек #Сарыарқатану #АдалАзамат ЕскерткіштерКүні Астана Тәрбие Білім
@astana_adistemelik_ortalyq
@oqu_agartu_ministrligi
@k.sengazyyev_official
@d_syndar
@didar_baitasov