Семинар барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды бағыттар бойынша жұмыстарын көрсетті:

👩‍⚕️ Педагог-психолог Абуова А.А.«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында шебер сынып өткізіп, ата-аналарға пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынды.

🧩 Педагог — дефектолог маман:
Акжолтаева Н.Қ «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбында жеке іс-әрекет көрсетіп, баламен түзете-дамыту жұмысының тиімді тәсілдерін ұсынды.

🤲 Педагог-ассистенттер Асанова Б.Б. және Айтимова А.М.«Саусақ ұшындағы әлем» мақсаты аясында баламен бірлескен жеке іс-әрекет көрсетіп, ұсақ моториканы дамытуға бағытталған жұмыстарымен бөлісті.

🗣 Педагог-логопед Н.Н. Бакшиева, педагог-эксперт, магистр«Бала сөйлеуін дамытуда тәрбиеші мен логопедтің өзара әрекеті» тақырыбында тәжірибе алмасып, кәсіби құнды ақпараттарымен бөлісті.

✨ Сонымен қатар, «Үміт әрдайым жанымызда» анимациялық фильмінің сценарий авторы, инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жобалардың авторы, сөйлеу дамуы тежелген балаларға арналған SpeakUp стартапының негізін қалаушы Д.С. Мурзагалиева өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға үлкен мотивация сыйлады.

💙 Осындай кездесулер ерекше балалардың болашағы үшін бірлескен жұмыстың маңызын арттыра түседі.