Тәтті ертегі жобасы аясында өткен «Шахматшы қонжық» ертегісін мәнерлеп оқу байқауына белсене атсалысып, көмек көрсеткен барша әріптестеріме шын жүректен алғысымды білдіремін.
Ең алдымен музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастырған Айгүл апайға, байқауды жоғары деңгейде жүргізген Сабырғалықызы Айпараға, қонжық рөлін шебер сомдаған Камшат Сайлауовнаға, биді ұйымдастырған Венера апайға, сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстарына белсенді ат салысып, қолдау көрсеткен үшін Нұрбибі Қаржауовна мен Перизат Теміртасовнаға ерекше ризашылығымды білдіргім келеді.
Атап айтқанда, «Құлыншақ», «Айгөлек», «Балақай», «Айналайын», «Самғау», «Шағала», «Балбөбек», «Дарын», «Жұлдыз», «Бота», «Қарлығаш» топтарының тәрбиешілеріне балаларды дайындап, байқауға белсенді қатыстырғандары үшін үлкен рақмет!
Бірлескен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!